Бұл туралы "Алматы су" МКК хабарлады.
"Алматының екі ауданындағы бірнеше тұрғын үй алаптары технологиялық жабдықты жоспарлы ауыстыруға байланысты бір күнге суық сумен жабдықтаудан ажыратылады", – деп жазылған хабарламада.
17 мамырда сағат 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін Медеу ауданының Атырау-1, 2, 3 шағын аудандарындағы тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.
18 мамырда сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін Әуезов ауданының "Таугүл-1" шағын ауданы №44-52, "Таугүл-2" шағын ауданы №1-4, 7-9, 12-14, 21-30, 36-40, 95-97 үйлерінде су беру уақытша тоқтатылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу