Алматының бірқатар шағын аудандарында интернет сапасы жақсарады

766

Былтыр Алматыда интернет байланысы болмаған 218 аймақ анықталды.   

Алматының бірқатар шағын аудандарында интернет сапасы жақсарады

Алматы қаласының Алғабас, Нұршашқан, Таусамалы, Әлмерек шағын ауданында интернет жылдамдығы 90 Мбит/секундына дейін жақсарады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев айтты, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі. 

"Алматыда интернет сапасын жақсарту жобасының арқасында өткен жылы интернет байланыс болмаған 218 "көрінбейтін" аймақ жабылды.

"Қазақтелеком" АҚ компаниясымен бірлесіп Алматы қаласының 4 шағын ауданында жылдамдығы 90 Мбит/секунд болатын интернетке қосылу шешімі қаралды, олар мына шағын аудандар:
1. Алғабас (Алатау ауданы);
2. Әлмерек (Түрксіб ауданы);
3. Нұршашқан (Түрксіб ауданы);
4. Таусамалы (Наурызбай ауданы) 2021 жылдың қыркүйек айының соңына дейін бірінші кезеңде, сондай-ақ 2022 жылдың 2-тоқсанына дейін тағы 4 жаңа шағын аудан қосылатын болады", – деді спикер.

Баян Қоңырбаев интернеттің мегаполис халқы үшін өте маңызды екенін айтты. Сондықтан байланысты жақсарту бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу