Алматының бірнеше ауданына газ беру уақытша тоқтатылады

819

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы өндірістік филиалы орташа қысымды Д-720 мм жерасты газ құбырында апатқа қарсы профилактикалық жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматының бірнеше ауданына газ беру уақытша тоқтатылады

"Бостандық ауданының тұтынушыларына газды үздіксіз беруді қамтамасыз ету мақсатында газ құбырының учаскесін ауыстыру қажет. Осыған байланысты, биылғы жылдың 18-19 қазан аралығында әл-Фараби даңғылы - Тоқжайлау - Қожакеев - Подгорная көшесі мен Мирас шағын ауданы, Лисянский көшесінен Нұр Алатау шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлер мен объектілерде газбен жабдықтау ажыратылатын болады. Қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз", – деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада. 

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ АӨФ жөндеу-апаттық бригадалары тұтынушыларды газбен жабдықтау бойынша жұмыстарды тез арада қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылдауда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу