Алматының Жетісу ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі бір күнге ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
2023 жылғы 10 мамырда сағат 09:дан 21:00-ге дейін Жетісу ауданының аумағында Айнабұлақ-1, Айнабұлақ-2, Айнабұлақ-3, Айнабұлақ-4, Көкмайса және Құлагер ықшам аудандарында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды.
Шектеулер жылу желілерін қайта құрылымдау кезеңінде аталған тұрғын үйлерді ыстық сумен жабдықталуын сақтауға мүмкіндік беретін уақытша құбырды қосу үшін енгізіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу