Алматының бірнеше ауданы газсыз қалды

337

Бұған көлік апаты себеп болған. 

Алматының бірнеше ауданы газсыз қалды Фото: inbusiness.kz

Алматыда Қарасай ауданы Абай ауылында болған апат салдарынан Наурызбай ауданындағы бірнеше шағын аудан газсыз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әкімдіктің мәліметінше, оқиға 20 ақпан күні сағат 21:50-де болған.

"Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылында орташа қысымды магистральдық газ құбырында жеке ауыр жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан Наурызбай ауданының бірнеше шағын ауданы газсыз қалды. Оқиға орнына тез арада қызметтік топтар жетті. Қазіргі уақытта апатты қалпына келтіру жұмыстарына қаланың барлық коммуналдық кәсіпорындары мен құтқару қызметі жұмылдырылған", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу