Тұрғындармен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев бұл мәселені шешу үшін Сәтбаев көшесі, 101 мекенжайында 300 орындық №65 мектепке қосымша құрылыс салынып жатқанын хабарлады. Жұмыс 1 қыркүйекке дейін аяқталады.
Қыркүйек айынан бастап сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №9 мектеп-интернат ашылып, 120 орындық қосымша құрылысы аяқталады.
"Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде "РАМС Қазақстан" құрылыс компаниясы "РАМС Сити" көппәтерлі тұрғын үй кешенінің аумағында 1 100 орындық мектептің құрылысын жүргізуде. Жоьа – 2024 жылдың тамыз айында аяқталады, сонымен қатар, 240 орындық 2 балабақшаның құрылысын бастап, 2024 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған. Жыл басынан бері ауданда 657 баланы қамтыған 6 жеке меншік және 1 мемлекеттік балабақша ашылды", - деді Ерболат Досаев.
Сәтбаев көшесі, 90 мекенжайында "Конкрит продактс" ЖШС зауыты көшкеннен кейін осы жылдың қазан айында "Hit Building" ЖШС 900 орындық мектеп құрылысын бастайды. Тапсыру мерзімі шамамен 2024 жылдың тамызы.
"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 3 мектеп салу жоспарланған: Егізбаев көшесі, 9 мекенжайында 2 500 орындық, Розыбақиев-Левитан көшелерінің қиылысында 1 500 орындық және Розыбакиев – Қожабеков қиылысында 2 000 орындық. Бұл жұмыс келесі жылдың соңына дейін аяқталады.