Алматының дәрі-дәрмек нарығында жағдай тұрақты

894

Мегаполисте дәрі-дәрмек пен медициналық бетперделерге сұраныс артқан жоқ. 

Алматының дәрі-дәрмек нарығында жағдай тұрақты

Бұл апта сайын Алматы стационарлары, емханалары мен дәріханаларындағы дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар қорына жүргізіліп отыратын мониторинг барысында анықталды, деп хабарлады әкімдік. 

"Бүгінде коронавирус инфекциясын емдеуде қажет препараттар қаланың барлық дәріханаларында бар. Көрсеткіш шамамен 90%-ды құрайды, дәріхана қоймаларында 1 млннан астам (1037 мың) дәрілік препараттар қоры бар", – деп жазылған хабарламада. 

Бұдан басқа, Тұрақтандыру қоры қаражатты есебінен қала дәріханаларына дәрі-дәрмек препараттарын жеткізу жалғасуда. Қазіргі уақытта, осыған дейін жоспарланған 40,1 млн қорапша дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар қалаға артығымен жеткізілген. Атап айтқанда 47,2 млн препарат, оның 23,4 млн қорапшасы сатылды, қолдағы бары 23,8 млн,  оның ішінде 8 млны азайтылмайтын қор. Осылайша, қалада екі айға жететін дәрі-дәрмек бар.

"Қала дәріханалары 95% медициналық бетперделермен қамтамасыз етілген. Алматыда 6 ірі отандық компания жұмыс істейді, оның бірлескен өндірістік қуаты күніне 1 млн бетпердені құрайды. Сонымен қатар қоймаларда шамамен 456 мың термометр, оның ішінде, дәріханаларда – 7590 дана, жабдықтаушыда (БИОЛА) 448 245 дана бар. Ақпанда қосымша 150 мың термометр жеткізіледі деп күтілуде", – деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу