Алматының депутаттық корпусында өзгерістер болды

598

Мәслихат сессиясында депутат Арманжан Байтасовтың өкілеттігін жеке өтініші негізінде тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл шешімді Арманжан Мерекеұлы еліміздің және шекаралас мемлекеттердің аумағында жүзеге асырылатын ауқымды медиа жобаны іске асырумен түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

 Алматының депутаттық корпусында өзгерістер болды

А. Байтасов "Nur Otan" партиясының мандаты бойынша сайланғандықтан, партияның қалалық филиалы Бюросының шешімімен белгілі құрылысшы, Қазақстан Республикасы Құрылыс саласы одағының басқарма төрағасы Ералы Сауранбаев А. Байтасовтың орнына Мәслихат депутаты болып сайланды. Мәслихаттың кәсіпкерлікті, инновацияларды, ақпараттық технологияларды және креативті индустрияны дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып А.Байтасовтың орнына депутат Қайрат Құдайберген сайланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу