Алматының дизайн-коды әлі бекітілген жоқ

928

Қазіргі кезде Жоспарлау және урбанистика басқармасы ұсыныстар қабылдауда. 

Алматының дизайн-коды әлі бекітілген жоқ Фото: Максим Золотухин

"Алматы – шетсіз қала" тұжырымдамасын іске асыру бойынша онлайн-брифинг барысында Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахметжанов мегаполистегі дизайн-код тақырыбына тоқталды. Оның айтуынша бірнеше жылдан бері талқыланып келе жатқан бірыңғай талап бекітілмеген.

"Дизайн-код әлі бекітілген жоқ. Сондықтан әлі ұсыныстар мен ескертулер қабылдап жатырмыз. Оның ішінде кәсіпкерлердің пікіне назар аударудамыз. Қазіргі кезде жарнама компаниясынан ұсыныстар түсті. Мейрамханалар бойынша да дизайн-код енгізуді бастадық. Байқаған шығарсыздар, көптеген жазғы алаңдар біркелкі дизайнға сәйкес келе бастады. Оның барлығы кәсіпкерлер мен түрлі қауымдастық өкілдерінің қатысуымен жүзеге асты", – деді басқарма басшысы. 

Жоспарлау және урбанистика басқармасы жыл соңына дейін ұсыныстардың барлығын қарастырмақ. Осылайша қала ғимараттарына қойылатын біркелкі талап тек келесі жылы бекітілмек.

"Дизайн-код  келесі жылы бекітіледі деп ойлаймын. Бұл құжат сәулеттік шешімдер қабылдауда тұрақтылықты қамтамасыз етіп, бизнес пен алматылықтар үшін бір келкі талаптар қою үшін қажет. Байқаған шығарсыздар, әр 3-4 жыл сайын мегаполисте отыратын орындықтар мен шамдар ауысып тұрады. Дизайн-код мұның барлығын жүйелейді", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу