Алматыда 16-17 тамыз күндері жылу желілерін реконструкциялау кезінде бірнеше көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.
16 тамыз сағат 10:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін Әуезов ауданында Сүлейменов көшесі бойында (автобус жолағы) Тоқтабаев пен Пятницкий көшесі аралығында көліктер үшін жол жабық болады.
Сондай-ақ Түрксіб ауданында 16 тамыз сағат 21:00-ден 17 тамыз сағат 06:00-ге дейін Сейфуллин көшесінен Монтина көшесіне дейін (шығыс бағытта) көлік қозғалысы шектеледі.
"Уақытша шектеулер аталған көше жолының астынан өтетін жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізілді", - деп хабарлады "Алматы жылу желілері" ЖШС.
Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрады. Сонымен қатар жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.