Алматының екі ауданында тозығы жеткен ескі үйлер сүрілмек

1133

Бұл туралы шаһардың Кәсіпкерлік жіне инвестиция басқармасы хабарлады.  

Алматының екі ауданында тозығы жеткен ескі үйлер сүрілмек Фото: Максим Золотухин

Олардың бірі Түркісіб ауданы. Мұнда бірден үш нысан сүрілмек. Сонымен қатар биылғы жылы Жетісу ауданындағы тағы да үш ғимарат орнынан алынып тасталады. Бұған дейін қалада 13 ескі нысан сүрілген болатын. Олар Жетісу, Медеу, Түркісіб аудандарында орналасқан. 

Сонымен қатар тозығы жеткен үйлердің орнында жаңа ғимараттар салу жұмыстары жалғасуда. Мәселен, 2021 жылы Жетісу ауданында осындай насандардың орнына 14 тұрғын үй салу жоспарланған. 

Бұған қоса Кәсіпкерлік жіне инвестиция басқармасының есебінен Түркісіб ауданындағы Осипенко көшесінің солтүстігіне тұрғын үй кешендері, Әуезов ауданындағы Жандосов  көшесінің оңтүстігіне қарай жеті 16 қабаттық тұрғын үй бой көтермек. Мұнда қызмет көрсету нысандары мен көлік тұрағы да қарастырылған. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу