30 қарашада сағат 9:00 – ден 17:00 – ге дейін Бостандық ауданындағы Қожанов - Гагарин - Байқадамов - Жароков көшелерінің аумағында су беру уақытша тоқтатылады; ал Түрксіб ауданындағы Бехтерев, Вятка, Усачев, Монтин көшелерінде орналасқан жеке тұрғын үйлерде уақытша суық су болмайды.
Аталған қалалық секторлардағы тұтынушылардың суық судан уақытша ажыратылуы жаңа инженерлік желілерді сумен жабдықтау жүйесіне қосу және технологиялық жабдықты ауыстыру жөніндегі жұмыстарды орындаумен байланысты.
"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.
Анықтама телефоны: +7 727 274 66 66.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу