2023 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша республикалық қазынаға түсімдер 2,14 трлн теңгені құрады, ал өсім – 46%. Қала бюджетіне де салым ұлғайтылды. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты.
"Қаланың жергілікті бюджетіне түсетін қаржы 29% - ға асыра орындалды және 843 млрд теңгені құрады", - деп атап өтті қала басшысы.
Алматы - ел экономикасына қосқан үлесі бойынша көп жылдан бері көшбасшы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу