Алматының Индустриалды аймағында ірі өнеркәсіптік нысан іске қосылды

755

Үлкен диаметрлі болат дәнекерленген құбырлар шығаратын зауытты іске қосу рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Алматының Индустриалды аймағында ірі өнеркәсіптік нысан іске қосылды

Өнім мұнай, газ, су және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған. Сонымен қатар құбырларды тау-кен, құрылыс, химия өнеркәсібі, энергетика салаларында пайдалануға болады.

Сондай-ақ кәсіпорында коррозияға қарсы жабындар өндірісі жолға қойылған.

Жобаның құны 33 млрд теңгені құрайды. Зауытта 304 тұрақты жұмыс орны құрылды. Жобалық қуаттылығы – жылына 100 мың тонна құбыр өнімі. Жобаны жүзеге асыру үшін Алматы Индустриалды аймағында 18,2 га жер телімі бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу