Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, мегаполистің "қызыл" аймаққа өтуі коронавирустың, оның ішінде "дельта" штамының өсуіне байланысты, деп хабарлайды inbusiness.kz әкімдікке сілтеме жасап.
Індетті жұқтырмаудың жолы - екпе алу. Жақында құрылыс қоспаларына арналған қағаз шығаратын зауытының барлық жұмысшылары екпе алды және шектеулерге қарамастан толыққанды жұмыс істеуде.
Алматыда 307 екпе бригадасы жұмыс істейді.
Алматының Индустриалды аймағына орналасқан кәсіпорындардың шақыруымен мобильді екпе бригадалары барып, жұмысшыларға вакцина салды.
"Алмапақ" ЖШС-де вакцина салдыруға 30 адам жазылды, олардың барлығы - зауыттың жұмысшылары. Олар вакцинаның екі компонентін алды, өздерін жақсы сезінеді, жанама әсерлерді сезінген жоқ.
"Біз Еуропадан сапалы қағазды пайдаланып сөмке шығарамыз. Өндірісті тоқтатуға болмайды, өйткені біздің өнім Өзбекстан мен Қырғызстанға да қажет. Сонымен қатар біздің барлық қызметкерлеріміздің отбасы бар, сондықтан олар вакцинаға саналы түрде келді. Бұл алдымен денсаулықты сақтау. Мен сәуір айында вакцина алдым, кейінірек жұмысшыларға ұсындым. "Дархан" шағын ауданындағы емханаға өтінім беріп, медициналық бригада келіп, екпе салды", – деді зауыт қызметкері Айдар Қасенов.
Аталүан кәсіпорын Алматы индустриалды аймағындағы жұмысшылары вакцина алған алғашқы өнеркәсіптік зауыт емес. Сәуір айында "Алматы электр қалқаны", "Хюндай Транс", "КСМ Техновид" пен "Масло-дел" зауыттары ұжымдарының жаппай вакцинасы өтті.
Еске салсақ, 29 маусымдағы жағдай бойынша Алматыда 438 930 адам вакцина алды. Өткен тәулікте 10 398 адам екпе салдырды. 60 жастан жоғары вакцина алған адам саны 74 656 адам.
Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен қаланың СОСО-да 208 вакцина пунктері жұмыс істейді. Мұнда 1 256 адам жұмылдырылған 307 екпе бригадасы қызмет атқарады.