2020 жылы Алматының Индустриялдық аймағында алты шағын өнеркәсіптік саябақ іске қосылады, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта құрылысшылар "KazStroyTrade" ЖШС, "D&J "Industries & Logistic" ЖШС, "Атрикс-Строй" ЖШС, "Metall con." ЖШС, "Ala Estate" ЖШС, "ADS Industries" ЖШС жобалық жұмыстарын аяқтап, учаскелердегі құрылыс-монтаж жұмыстарына кірісуді жоспарлап отыр. Өндірістік үй-жайлардың жалпы ауданы 28 мың шаршы метр. Онда құрылыс, жиһаз, жеңіл және тамақ өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін 70-ке жуық кәсіпорын орналасады. 700-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған", – деп жазылған хабарламада.