Алматының индустриялық аймағында 5,2 мыңнан астам жұмыс орны құрылады

1017

Алматының индустриялық аймағында биылғы жылдың соңына дейін 67 млрд теңге сомаға жеті жоба іске қосылады.

Алматының индустриялық аймағында 5,2 мыңнан астам жұмыс орны құрылады

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев аймақта іске асырылып жатқан жобаларды қарап шықты.

Бүгінде мұнда іске асыру үшін 39 жоба мақұлданған, 5200-ден астам жұмыс орны құрылады деп жоспарланып отыр. Алты кәсіпорын пайдалануға берілді. Олардың қатарында жылыжай кешені, сондай-ақ қағаз қаптарды, оргтехникаға арналған картридждерді, өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйелерін, кабель өнімдерін, скотч пен стрейч-пленкаларды өндіру зауыттары бар.

"Іске қосылған кәсіпорындардың жалпы инвестиция сомасы 24,4 млрд теңгені құрады. Мұнда 385 жұмыс орны ашылды. 2019 жылдың соңына дейін 67 млрд теңге сомаға жеті жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Онда 1,5 мың жұмыс орны ашылмақ",– делінген әкімдіктің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу