Алматының инвестициялық портфелінде 200-ден астам жоба бар

933

Нәтижесінде 10 мың жұмыс орны құрылады. 

Алматының инвестициялық портфелінде 200-ден астам жоба бар

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев елордада өткен баспасөз конференциясында биыл жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Алматыда қаңтар-мамырда сыртқы инвестиция көлемі 57,6 млрд теңгені, ішкі инвестиция - 297,8 млрд теңгені құрады. 2021-2024 жылдарға арналған 201 инвестициялық жобалардан 4,5 трлн теңгенің пулы құрылып, 35,4 мың жұмыс орны ашылды. 2021 жылы 10 мың жұмыс орнын құруға қатысты жалпы жобалық құны 314,5 млрд теңгені құрайтын 84 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған", – деді қала әкімі.

Бақытжан Сағынтаев айтқан жобалар төмендегі салаларды қамтиды:

- жылжымайтын мүлік – 176,7 млрд теңгеге 32 жоба;

- өнеркәсіп – 41,5 млрд теңгеге 17 жоба;

- сауда және қызмет көрсету – 38,7 млрд теңгеге 19 жоба;

- әлеуметтік жобалар – 57,6 млрд теңгеге 16 жоба.

Оның ішінде негізгі жобалар:

- жақын арада халықаралық әуежайдың жаңа терминалының құрылысын бастау жоспарлануда. Терминал іске қосылғанда жолаушылар ағыны жылына 6 млн адамға артады әрі өткізу қабілеті 2,5 есе ұлғаяды;

- Алатау ауданында 350 орынға шақталған Жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығын салу;

- қыркүйек айында де Монфорт-Қазақстан Университетінің филиалын ашу жоспарланып отыр, ол британдық білім алуға мүмкіндік береді, сонымен бірге алдағы 5 жылдағы инвестиция көлемі 50 млн долларды құрайды;

- "Алатау" инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағында 2 мың студентті оқыту үшін Nazarbayev University-ің "Жасанды интеллект мектебі" және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында зерттеулер жүргізуге арналған зертхана" жобаларын іске қосу.

"Бұлардан өзге, шетелдік серіктестерді тартып, 300 төсек-орынды халықаралық клиника салу жобасы пысықталуда. 250 тұрақты жұмыс орны құрылады, инвестиция көлемі - 38,7 млрд теңге және аустралиялық VAMED компаниясымен бірге 200 төсек-орынды көпбейінді аурухана салынады, оған 90 млн доллар  инвестициясын тарту жоспарлануда", – деді Бақытжан Сағынтаев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу