Алматының Іскерлік кеңесі әлеуметтік жобаларға 7 сыйлық тағайындады

1291

Үздік жобаларды кеңес өкілдері мен қала меценаттары қаржыландырмақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы Іскерлік кеңесінің "Ақылды қаланы" дамыту және инновациялық даму комитетінің төрағасы Елдар Әбдіразақов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматының Іскерлік кеңесі әлеуметтік жобаларға 7 сыйлық тағайындады

Алматы қаласы әкімінің жанындағы Іскерлік кеңес бизнестің азаматтық бастамаларды қолдау және оларды дамыту үшін жағдай жасау бастамасын көтерді. Конкурс медицина және денсаулық сақтау, қазақ тілін дамыту және байыту, білім беру, мәдениет, инклюзия, азаматтық белсенділік, экология және мекендеу ортасы салаларындағы үздік әлеуметтік жобаларды қолдауға бағытталған. Үздік жобаларды Іскерлік кеңес өкілдері мен қала меценаттары қаржыландырмақ. 

"Жобаларды іріктеу кезінде уақыт бойынша ықпал ету ауқымы, бірегейлігі, қоғам үшін маңызы, қала тұрғындарының өмірін жақсартуы басты назарға алынады", – деді Елдар Әбдіразақов. 

Қазіргі кезде Іскерлік кеңестің қарауында 80-нен астам жоба бар. Жеңімпаздарды марапаттау және жүлделерді тапсыру 2021 жылдың 12 желтоқсанында өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу