Алматының "Қайраты" шымкенттік "Ордабасыны" жеңіп, мерзімінен бұрын чемпион атанды, деп жазады Olympic.kz.
17-ші турдағы кездесуде алматылықтар 3:1 есебімен жеңіске жетті. "Қайрат" сапынан Вагнер Лав (36 минут) пен Нұралы Әліп (39 минут, пенальти) көзге түссе, ойынның 80-і минутында Ұлар Жақсыбаев өз қақпасына гол соғып алды.
"Ордабасы" сапынан жалғыз голды Жуан Пауло да Силва соққан.
Осылайша 44 ұпай жинаған "Қайрат" ел чемпонатында мерзімінен бұрын топ жарды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу