Алматыда Алтынсарин даңғылында №95 бағыттағы автобус өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған.
"Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына келгенге дейін № 95 бағыттағы автобустың жүргізушісі Құрманғазы Мақашев ұнтақты өрт сөндіргіштерді қолданып, отқа оранған ауа өткізгіш құрылғысын сөндірген. Салонда жолаушылар болмаған. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабаралады департаменттен.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу