Алматының қақ ортасына қойылған арт туынды - тиіннің құны белгілі болды. Авторларының айтуынша аталған 12 метрлік мүсінді жасау үшін 23 млн теңге жұмсалған екен. Ал оның 15 млн-ы мемлекеттік қаржы болса, қалғаны жеке адамдардан тартылған екен.
Жалпы қалаға қойылатын 16 арт туындыға 78 млн теңге жұмсалады деп жоспарланған. Идея авторларының айтуынша тиіннің салмағы шамамен 12-13 тонна. Оның 7 тоннасы темір болса 3,5-4 тоннасы ағаш және 4 тоннадай сабан екен.
Айта кетейін, аталған туынды еліміз бойынша ең алып мүсін ретінде Қазақстанның рекордтар кітабына енді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу