"АЯЛА" қорының өкілдері дәрігерлерге мыңнан астам жеке қорғану құралын табыс етті

728

Әрбір жиынтық обаға қарсы костюм, бахил, қолғаптар, респиратор мен көзілдіріктен тұрады.   

"АЯЛА" қорының өкілдері дәрігерлерге мыңнан астам жеке қорғану құралын табыс етті

"АЯЛА" қайырымдылық қоры Алматының Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалына Қазақстандағы "Байер" компаниясының қолдауымен сатып алынған жеке қорғану құралдарының (ЖҚҚ) 1162 жиынтығын табыс етті. ЖҚҚ осы аурухананың коронавирустық инфекциямен ауырғандар үшін стационарда күн сайын медициналық көмек көрсететін медицина персоналын қосымша қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіп, көмек береді. 

Алматыдағы И.С. Жекенова атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының (ҚКЖА) филиалы – елдің ірі мегаполисінің коронавирустық инфекцияны емдеуге маманданған басты орталықтарының бірі. Ол биыл көктемде Алматыда тұрғызылған жаңа модульдік корпуста орналасқан және 280 төсекке есептелген. Оның құрамына тоғыз клиникалық бөлімшелер, 28 төсекке жансақтау бөлімшесі, далаға шығатын бөлек есігі бар бір орындық он палата, динамикалық бақылаудың бір орындық бес палатасы бар қабылдау бөлімшесі кіреді.

"Байер" компаниясы COVID-19 вирусымен күресуге бағытталған қайырымдылық бастамасының шеңберінде Қазақстандағы медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету үшін "АЯЛА" қайырымдылық қорына қаражат жинады. Мәселен, Алматының Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалына ЖҚҚ-ның толық 1 162 жиынтығы берілді. Әрбір жиынтық обаға қарсы костюм, бахил, қолғаптар, респиратор мен көзілдіріктен тұрады. Ол бір рет пайдалануға арналған және короновирус жұқтырған науқаспен байланыста болған кезде дәрігерлер мен медицина персоналын ең жоғары қорғаныспен қамтамасыз етеді.

"COVID-19 вирусымен күрес – бүкіл денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сын тегеурін. Bayer, әлеуметтік жауапты компания ретінде бұдан тыс қала алмайды: біз медицина қызметкерлерінің ауыр еңбегіне өз тарапымыздан қолдау көрсету үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға тырысамыз.  Мұндай қайырымдылық бастамалары – біз үшін оларға өз ризашылығымызды білдірудің және қамқорлық көрсетудің тәсілі", – дейді "Байер КАЗ" ЖШС бас директоры Роб Фермелен.

2020 жылғы 18 маусымдағы жағдай бойынша Алматыда COVID-19 жұқтырудың 3,2 мыңнан астам жағдайы тіркеліп отыр. 3 маусымнан бері екі аптаның ішінде қалада коронавирустық жұқпалы аурумен ауырғандар саны екі өсе өсті. Осы вирусты жұқтыруы анықталған қазақстандықтарға көмек көрсетуге арналған 9 клиника жұмыс жүрізуде. 

"Қазір, Алматыда COVID-19 жұқтыру жағдайлары қайта ұлғайған кезде "Байер" компаниясының көмегі өте қажет және өзекті болып отыр. И. С. Жекенова атындағы ҚКЖА филиалының штатында 75 дәрігер, 100 мейірбике, сондай-ақ кіші медицина персоналы еңбек етеді. Олар ковидке қарсы терапиядан өтіп жатқан жүздеген емделушілермен күн сайын байланыста болады. ЖҚҚ-мен қамтамасыз ету олардың өздерінің барынша қорғалғанын сезінуіне және емделушілерге алаңсыз әрі сенімді көмек көрсетуіне мүмкіндік береді", – деп атап өтті "АЯЛА" қорының президенті Айдан Сүлейменова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу