Алматының кардиологиялық орталығына жыл сайын 15 мыңға жуық адам жүгінеді

545

Дәрігерге түрлі шағыммен жүгінетін жастар көбейген.  

Алматының кардиологиялық орталығына жыл сайын 15 мыңға жуық адам жүгінеді Фото: ult.kz

Бұрын жүрек ауруы көбіне егде жастағы адамдардың проблемасы саналса, бүгінде осындай шағыммен дәрігерлерге жүгінетін жастар көбейген. Алматы қалалық кардиология орталығының кардиология бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Жәмилә Алдабекова ӨКҚ-де өткен брифингте жүрек ауруларын емдеу туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Жәмилә Алдабекованың айтуынша, кардиологтың қабылдауында жиі кездесетін шағымдар - бұл әдетте бас ауруымен, денедегі қызу сезімімен, жалпы әлсіздікпен, сол жақтағы кеуде аймағындағы иық астына немесе сол қолға қарай берілетін күшті ауырсынумен бірге жүретін қан қысымының жоғарылауы, сондай-ақ әртүрлі ырғақ бұзылыстарына - мысалы, жүрек тоқтап қалғандай сезіну немесе керісінше, өте жиі жүрек соғысы.

"Бұрын жүрек ауруына  шағымдар негізінен егде жастағы адамдарда жиі кездесетін деп есептелді, бірақ соған қарамастан, орта жастағы адамдарда жүрек ауруының жоғарылау үрдісі бар екенін атап өткен жөн. Қазір 35-40 жас аралығындағы адамдардың кардиологқа бірінші рет баруы сирек кездесетін жағдай емес", - дейді жоғары санатты дәрігер.

Жәмилә Алдабекова қандай жағдайда кардиологқа жүгіну керектігін атап өтті.

"Егер сізде ентігу, аяқтың ісінуі, негізсіз жиі жүрек соғуы, қан қысымының 140/90-нан жоғарылауы, физикалық күш түсуден кейін немесе психоэмоционалды күйзелісьен кейін пайда болатын кеуденің сол жағындағы ауырсыну шағымдары болса дәрігерге қаралу керек", - дейді кардиолог.

Инфаркттың  ең басты белгісі - физикалық күш түскеннен немесе  психоэмоционалды күйзелістен кейін кеуденің сол жақ жартысында сол қолға, жауырын астына, мойынға таралатын, 15-20 минуттан астам уақытқа созылатын және кейін пайда болатын қатты батып ауруы. Қосымша симптомдарына кенеттен ентігуді, қан қысымын төмендеуін, адамның есінен тануын жатқызуға болады.

"Бұған дейін бәріміз инфаркттың себебі холестериннің жоғарылауынан деп санайтынбыз. Бірақ әлемдік ғылыми қауымдастықтың соңғы еңбектері тіпті қандағы холестерин деңгейі төмен адамдарда жүрек соғысы болуы мүмкін екенін көрсетеді. Негізгі себеп - коронарлық тамырлардағы түйіндік немесе олардың спазмы. Түйіндіктер, өз кезегінде, жоғары холестерин деңгейіне ғана байланысты емес, ағзаның ұзақ мерзімді жүйелі ауруларына байланысты болуы мүмкін. Мысалы, ковид пандемиясынан кейін инфарктпен ауыратын науқастардың үлесі күрт өсті, өйткені коронавирус тек өкпеге ғана емес, тұтастай алғанда бүкіл денеге, соның ішінде жүрек тамырларының ішкі қабығына әсер етеді", - деді Жәмилә Алдабекова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу