Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Алматы қаласының тұрғыны Майсарова Мединаға елбасының атынан мерекелік сый табысталды, деп хабарлайды almaty.tv.
1 ай бұрын 5-ші сынып оқушысы президентке хат жазып, күшік сұраған екен. Мемлекет басшысы бүлдіршіннің арманын аяқсыз қалдырмады. Елбасының атынан асыл тұқымды күшікті жаңа жыл қарсаңында Мединаға Медеу ауданының әкімдігі табыс етті.
"1 ай бұрын мен президентке хат жаздым. Өзімнің күшігім болса екен деп бұрыннан армандайтынмын. Ал анам үнемі қарсы болатын. Маған сүп-сүйкімді күшікті сыйлаған кезде, қуанышымда шек болмады. Бастапқыда таң қалдым, осындай да болады екен деп. Армандар орындалады екен", - дейді Медина Майсарова.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу