Алматының қоғамдық көлік паркі 37 жаңа автобуспен толықты

739

Олардың барлығы газбен жүреді.

Алматының қоғамдық көлік паркі 37 жаңа автобуспен толықты

Алматы еліміздегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне кіреді. Соған сәйкес шаһарда қоғамдық көліктерді экологиялық таза отындарға көшіру жоспарланған. Осы мақсатта мегаполистің қоғамдық көлік паркі 37 жаңа автобуспен толықты, деп хабарлады inbusiness.kz порталы Алматы әкімдігіне сілтеме жасап. 

"Жаңа автобустарды тұрғындар жаңартуды және күшейтуді өтінген 34 бағыт бойынша жүргізу жоспарлануда. Бүгінде автобустар техникалық байқаудан өтіп, құжаттары рәсімделуде. Олар 2021 жылы 20 наурызында жолға шығады", – деп жазылған хабарламада. 

Ұзындығы 12 метр болатын жаңа автобустардың сыйымдылығы 90 адамдық, үш есігі бар, оның біреуінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы платформа бар. Автобустар автоматты бейнебақылау жүйелерімен, жолаушылар санын есептейтін және жүргізушілердің шаршағанын бақылайтын датчиктермен жабдықталған.
Осылайша, жаңадан қослыған көліктерді есептегенде қалада газбен жүретін 389 автобус алматылықтарға қызмет көрсетеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу