Алматының қоғамдық көліктерінде жолақы қымбаттайды

632

Алматының қоғамдық көліктерінде жолақы қымбаттайды

 

Алматыда жолақысы 1 тамыздан бастап қымбаттайды. Қоғамдық көлікпен жүрген кезде қолма қол ақша төлемі енді 150 теңгеге дейін көтеріледі. Ал "Оңай" картасы, смс және банк карталарымен төлемақы 80 теңге қалпында қалмақ.

Қазір шығарылған қаулы әділет органдарының қарауына жіберілген. Сондай-ақ алыс елді мекендерге қатынайтын автобустарға да "Оңай" жүйесі енгізіледі. Бұл маршруттармен жүретін жолаушыларға жеңілдіктер қарастырылатын болады. Олар арнайы дисконт карталар түрінде болмақ. Басты міндет барлық жолаушыларды карта арқылы төлем жасау жүйесіне ауыстыру дейді жауаптылар.

Айта кетейік Алматыда 1 күнде 700 мыңнан астам жолаушы қоғамдық көлікке отырады екен. Ал олардан түсетін пайда мамандардың есебінше 58,4 миллион теңгені құрайды. Соның 32 миллионы қазынаға түссе, қалған 26 миллионы есепке алынбай жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу