Павильондарды қайта құру жұмыстары 2023 жылы басталып, 2025 жылдың соңына дейін аяқталады, бұл ретте базар әдеттегідей жұмыс істеп тұрады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Сауда алаңдары жаңғыртылып, кіреберіс жаңартылып, іргелес аумақты абаттандыру көзделіп отыр. Жаңа қоғамдық кеңістік – қала тұрғындары үшін жаяу жүргіншілер аймағы пайда болады.
Алматы әкімі Ерболат Досаев "Көк базардың" мәдени құндылығын сақтаудың маңызын атап, қайта құру базардың ерекше атмосферасын сақтай отырып, қалпына келтіруі тиіс екенін айтты.
"Көк базардың" қаланың мәдени меншігі және туристік орны болып қала беруі маңызды. Себебі Алматы "Көк базарсыз" – Алматы емес, сондықтан қаламыздың тарихи орталығын сақтауды сұраймын", - деді Ерболат Досаев.
2017 жылы қала базарларын жаңғырту аясында "Көк базарда" құрылыс жұмыстары жүргізілді. Содан кейін "Қысқы павильон" салынды.