Алматының коммуналдық қызметі тәулік бойы жұмыс істеуде

225

ТЖ бойынша жедел кезекшінің мәліметінше 16 сәуірде су басқан аумақ тіркелмеген. 

Алматының коммуналдық қызметі тәулік бойы жұмыс істеуде Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда жауын-шашын түсуіне байланысты түнгі уақытта арықта судың кедергісіз ағып кетіп, жекелеген аумақтарда су басу қаупінің алдын алу үшін мотопомпамен, тазалаушы заттармен және т.б. шаңц құралдармен жабдықталған 52 жедел мобильді бригада түнгі уақытта кезекшілікке шықты. Құм салынған 2,3 мың қап дайындалды.

Жалпы түнгі кезеңде 236 арнайы жабдық, 28 мотопомпа және 215 жұмысшы жұмылдырылды.

Күндізгі ауысымда 425 бірлік және 802 жұмысшы кезекшілікке шығады. Ауысымның өзгеруі желіге мейлінше көп техниканың шығуы үшін кезең-кезеңмен жүргізіледі. Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу