Алматының коммуналдық қызметтері аяз кезінде күшейтілген режимде жұмыс істейді

Энергетика және коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары жоғары дайындық режиміне ауыстырылды.  

Алматының коммуналдық қызметтері аяз кезінде күшейтілген режимде жұмыс істейді Фото: gov.kz

Аязды кезеңде тұтынушыларды тұрақты және үздіксіз электрмен, жылумен, сумен және газбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін Алматы қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары жоғары дайындық режиміне ауыстырылды, деп жазады inbusiness.kz.

"Мәселен, штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде шұғыл шара қолдану үшін ағымдағы жылдың 13-17 қаңтар аралығында жауапты тұлғалардың, қаланың коммуналдық шаруашылықтарының жедел және жөндеу персоналының, сондай-ақ Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының жеке құрамының тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды", – деп хабарлады әкімдік.

Судың, будың, судың  сыртқа шығып жатқаны байқалса немесе құдықтар ашық қалуы анықталған жағдайда, азаматтардан өз бетінше әрекет жасамауды,  дереу келесі нөмірлер бойынша дереу коммуналдық қызметтерге хабарласу керек:

Жылумен және ыстық сумен жабдықтау: "Алматы жылу желілері" ЖШС +7 (727) 378-06-65 және +7 (727) 378-06-98.

Сумен жабдықтау және кәріз: "Алматы Су" МКК +7 (727) 274-66-66.

Электрмен жабдықтау: "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ +7 (727) 356-99-99 және +7 (727) 399-99-00.

  • РЭҚ-1: 268-60-71, 268-60-74
  • РЭҚ-2: 375-25-44, 375-02-25
  • РЭҚ-3: 385-45-27
  • РЭҚ-4: 242-65-63
  • РЭҚ-5: 375-04-69, 375-28-00
  • РЭҚ-6: 272-23-66, 272-24-32
  • РЭҚ-7: 268-02-40, 268-02-48.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу