"Ауа-райының қолайсыз жағдайларына, атап айтқанда желдің екпіні мен қатты жаңбырдың салдарынан топырақтың шайылуы орын алды, бұл апатты және сау ағаштардың тамыр жүйесінің әлсіреуіне әкелді. Алматы қаласының құтқару қызметіне ағаш діңдері мен ірі бұтақтардың құлауы туралы 19 хабарлама келіп түсті, нәтижесінде бір автокөлік пен бір үй зардап шекті”, – деп жазылған хабарламада.
Салдарды жою аудан әкімдіктерінің мердігерлік ұйымдары және Алматы қаласы құтқару қызметінің көмегімен жүргізіледі. Залалдарды жоюға 12 жұмысшы мен 6 техника жұмылдырылды.