Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Оқ-дәрілер мен қару-жарақ үлкен спорттық сөмкеге ұқыпты салынған. Сонымен қатар қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыстық жолмен алынған оқ өтпейтін кеудеше мен темір қалқан табылды. Сөмкеде граната, 4 тапанша, мылтық, 2 кесілген шолақ мылтық, әртүрлі калибрлі 287 патрон жасырылған. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тәркіленген арсеналға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Сондай-ақ қару жасырған адамды анықтау бойынша кешенді жедел және арнайы шаралар жүргізілуде", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.