Алматының Медеу ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен су желілері тартылуда

332

Жоба 7 мыңнан астам тұрғынды орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосуды көздейді.  

Алматының Медеу ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен су желілері тартылуда Фото: Бейнероликтен

Алматы қаласының Медеу ауданындағы Татарка және Малая Станица шағын аудандарында мемлекетке қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба аясында жалпы ұзындығы 28 шақырым болатын инженерлік желілер салынады. Нәтижесінде 7 300-ден астам тұрғын орталықтандырылған су және кәріз жүйесіне қосылады.

Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін жаңа желілер "Алматы Су" кәсіпорнының теңгеріміне беріліп, одан әрі техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, инженерлік коммуникациялар жүргізілген 42 көшеде асфальтбетон жабындысын қалпына келтіре отырып, орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда.

Жоба мемлекетке қайтарылған активтердің әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге және қала инфрақұрылымын дамытуға бағытталғанын көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу