Алматының Медеу ауданындағы бау-бақша серіктестіктері коммуникация желілеріне қашан қосылады?

Биыл 5 ұйымның мәселесі шешілсе, қалған 104-інің болашағы белгісіз. Мұны естіген аудан тұрғындары әкіммен кездесуде шу шығарды.  

Алматының Медеу ауданындағы бау-бақша серіктестіктері коммуникация желілеріне қашан қосылады?

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Медеу ауданында тұрғындармен кездесуінде бау-бақша серіктестіктеріне қатысты мәселе қозғалды, деп хабардайды inbusiness.kz. 

Тұрғындардың айтуынша, көптеген адамдар саяжайларын осы уақытқа дейін жекешелендіре алмай келеді. 

Бұл ретте шаһар басшысы қалада арнайы комиссия құрылғанын мәлім етті. Ол 2027 жылдың басына дейін жұмыс істейді.

 "Комиссияның бірінші отырысы жақын арада өтеді деп үміттенемін. Жерге келетін болсақ, біз бұл мәселемен бөлек айналысуымыз керек. Ауданда коммуникация, инженерлік желілерді қосуға мүмкіндіктер бар. Сондықтан 5 серіктестік бойынша шешім қабылдадық. Қалған 104-інің мәселелері әлі шешілген жоқ. Біз алдымен ол жаққа бара аламыз ба, коммуникация тарта аламыз ба, соны түсінуіміз керек", – деді Ерболат Досаев.

Бұл ретте ол қала құрылысы талаптарына тоқталды. Алайда шаһар басшысы сөзін аяқтамай жатып шенеуніктердің шара қабылдауға асықпағанына налыған аудан тұрғындарының кездесуде бірі шу шығарды. 

"Біз бұл жерде жәй ғана демалып отыр деп ойлайсыз ба?", – деді Ерболат Досаев сөзін аяқтай келе. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу