Алматының медицина инфрақұрылымы шамадан тыс жұмыс істеп жатыр – Мемлекет басшысы

503

Қазіргі таңда облыста 396 денсаулық сақтау мекемесі бар.  

Алматының медицина инфрақұрылымы шамадан тыс жұмыс істеп жатыр  – Мемлекет басшысы

Алматы облысында 3 жылдың ішінде 38 емдеу мекемесі бой көтермек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Алматы облысы – халқының саны ең көп аймақтардың қатарында. Мұнда медицина мекемелерін салу – басты міндеттің бірі. Қазіргі ауруханалар мен емханаларды заман талабына сай жаңғырту қажет. Бұл жұмыс азаматтарымыздың тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, ауылдың денсаулық сақтау саласын жаңғыртуға арналған ұлттық жоба аясында өңірде 3 жылдың ішінде 38 емдеу мекемесі салынады.

"Алайда мұның өзі жеткіліксіз. Қазір облыс тұрғындары дәрігерге қаралу үшін көбіне Алматыға барады. Сондықтан денсаулық сақтау мекемелерінің тапшылығы қатты сезілмей отыр. Бірақ қаланың мүмкіндігі шексіз емес. Шаһардың медицина инфрақұрылымы шамадан тыс жұмыс істеп жатқаны белгілі. Облыс әкімдігі қай жерге қанша емдеу мекемесі қажет екенін мұқият зерделеуі керек. Содан соң Үкімет нақты шараларды қабылдайды", – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу