Алматының медициналық қызметі коронавирусқа қарсы шараларды күшейтті

1544

Қаланың дәріханалары дәрілермен және бетперделермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген. 

Алматының медициналық қызметі коронавирусқа қарсы шараларды күшейтті

Алматыда инфекциялық ауруды әкелуге және оның тарауына жол бермеу мақсатында санитарлық-профилактикалық шаралар күшейтілді. Қаланың дәріханалары дәрілермен және бетперделермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген, деп хабарлады Көрсетілген қызмет пен тауарлар сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Малдағасымова. 

"Бүгінгі таңда қалада бетперделер жеткілікті. Медициналық орталықтарда 2 млн респиратор бар. Бұдан бөлек қорымызда 1,3 млн бірреттік бетперде қарастырылған. Шаһар дәріханаларында да дәрі жеткілікті. Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі 3 млн респиратор сатып алу туралы тапсырма берді",-дейді Айзат Малдағасымова. 

Сонымен қатар қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мегаполистің инфекциялық ауруханаларында 20 төсектік бокс бөлімі және жансақтау бөлімі ашылғанын хабарлады. 

"Егер жағдай қиындайтын болса, онда № 1 қалалық клиникалық ауруханада қосымша 200 төсек, балалардың № 2 қалалық клиникалық емханасында тағы 20 төсек дайындалатын болады",-деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Айта кетерлігі Алматыда +7 (727) 382-3536, 382-3350 телефон нөмерлері бойынша және  Денсаулық сақтау министрлігінде 1406 нөмірі негізінде "жедел желілер" ұйымдастырылған.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу