Алматының мектеп асханаларында видеокамералар орнатылды

334

Комиссия камераның көмегімен тағам дайындау барысын бақылайтын болады.

Алматының мектеп асханаларында видеокамералар орнатылды Фото: freepik

Алматылық оқушылардың күнтізбелік жылдағы тамақтануын аудан әкімдері, мәслихат депутаттары, білім саласының қызметкерлері, Қазақ тағамтану академиясының өкілдері мен ата-аналардан тұратын комиссия қадағалайды, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

"Бүгінгі таңда орта білім беру ұйымдарында 85 жалға алушы тамақтандыруды қамтамасыз етеді. Қызмет берушіні таңдауды білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары конкурстық кезеңде жүзеге асырады. Жақында жергілікті бюджеттен мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсартуға қаржы бөлінді", деді қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Жылқыбаева.

Айта кетейік, өткен оқу жылынан бастап Алматы мектептеріндегі барлық бастауыш сынып оқушылары мектепте тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Олардан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 134 мыңнан астам оқушы мектептерде тегін тамақтанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу