Алматының мемлекеттік мектептері бірауысымды оқытуға қашан көшеді?

399

2026 жылдан бастап мемлекеттік мектептердің бір бөлігі бір ауысымдық оқытуға көшеді.

Алматының мемлекеттік мектептері бірауысымды оқытуға қашан көшеді? Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Ерболат Досаев білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде мәлім етті, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Шаһар басшысының айтуынша, алдағы екі жылда 14,4 мың орындық 19 жеке ұйым ашу жоспарлады, оның ішінде ірі құрылыс салушылармен меморандум аясында 9 мың орындық 10 мектеп іске қосылады.

"Осы шаралардың барлығын ескере отырып, біз 2026 жылдан бастап мемлекеттік мектептердің бір бөлігін бір ауысымдық оқытуға ауыстыруды біртіндеп бастауға ниеттіміз", деді қала басшысы.

Осы мақсатта қала әкімдігі 5,2 мың орындық 13 мемлекеттік білім беру ұйымдарын жобалау мен салуды жалғастыруда. Олар алдағы екі жылда пайдалануға беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу