Алматының мониторинг топтары жаңа цифрлық шешіммен жұмыс істейтін болды

1201

Мониторингтік топтар жұмыстарының ашықтығын цифрлық шешімдерді енгізу арқылы арттырады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматының мониторинг топтары жаңа цифрлық шешіммен жұмыс істейтін болды

Алматыда "Дельта" үнді штамы салдарынан коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны өсуде. Қала қазір "қызыл аймақта". Мегаполисте қала тұрғындарының денсаулығын сақтау мақсатында адамдардың көп жиналуын және қайта жұқтыруды болдырмау үшін шектеу шаралары күшейтілген. Мониторинг топтар өз кезегінде шектеулердің сақталуын бақылайды.

Жұқтырудың алдын алу тетігін жетілдіру аясында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі Қалалық штаб қалалық прокуратурамен және "Атамекеннің" өңірлік палатасымен бірге мониторинг топтарының жұмысын цифрлық форматқа көшіру туралы шешім қабылдап отыр. Алматыда мониторинг топтарының жұмысын цифрландыру жұмыс қорытындысы туралы мәліметтерді өңдеу мен тіркеу сапасын жақсартады. Мәселен, Алматы қаласы бойынша мониторинг топтарын бақылау модулі мониторинг топтарының жұмысын нақты уақыт режимінде бақылауға және өзекті талдауларды енгізуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, тексерушілердің қай нысандарға жиі баратыны, рейдтік бағыттар режимінің сақталуы және т.б. туралы ақпарат қолжетімді болады. Сонымен қатар, мегаполис прокуратурасында атап өткендей, мониторинг топтарының жұмысы тек осы модульді қолданған кезде ғана заңды болады.

Енді мониторинг топтарының кәсіпкерлерге келуі дереу жазылатын болады, базаның өзі электронды жазбаларды жүргізеді. Платформа мониторинг нысанының мекенжайын жайын автоматты түрде анықтайды. Кәсіпкердің қатысуымен барлық идентификацияланған тәртіп бұзушылығы, қабылданған шаралар көрсетілімі жазылған шаблон толтырылады.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу