Алматының мониторингтік тобы 80 адамға арналған үйлену тойын тоқтатты

679

Мегаполисте демалыс күндері бірқатар жиын жасырын ұйымдастырылған.  

Алматының мониторингтік тобы 80 адамға арналған үйлену тойын тоқтатты

Алматының мониторингтік топтары демалыс күндері бірқатар  көпшілік іс-шаралардың өткізілуін тоқтатты, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау бойынша тексеру шаралары жалғасуда. Басты міндет – коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайтуға бағытталған санитарлық-эпидемиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету. Оның құрамына аудан әкімдіктерінің, жергілікті полиция қызметінің, Тауарлар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының, кәсіпкерлер палатасының мамандары кіреді. 26 мониторингтік топ күнделікті тексеру іс-шараларын жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 17 қазан күні сағат 20:51-де Медеу ауданының мониторингтік тобы Қазақстан қонақүйінің Ball room залында (жертөле қабаты) үйлену тойы өткізіліп жатқанын анықтап, жолын кесті. Оған 80-ге жуық адам жиналған. Барлығы ғимараттан шығарылып,  тиісті шаралар қабылданды. Іс-шара қонақтарына Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулы нормалары жеткізілді.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың 17 қазанында Әуезов ауданында сағат 17.05 -те мобильді топ Ақсай 3, 14а мекенжайында орналасқан "Інжу" мейрамханасында  көпшіліктің қатысуымен өтіп жатқан шараны (құдалық) анықтады. Бірінші қабатта  40 адамға, екінші қабатта-50 адамға арнап той өткізілген. Сағат 17.45-те рейдтің мобильді тобы Шамгон Қажығалиева 15 мекенжайы бойынша орналасқан "Аделлина" мейрамханасында 50 адамға арналған құдалықты тоқтатты. Ұйымдастырушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.

Жалпы биылғы  8-16 қазан аралығында мониторингтік топтар 1300-ден астам нысанды тексерді. Оның ішінде 314-інде заңбұзушылықтар анықталды. Алматы  қаласы БМСД 15.08.2020 жылғы №56 қаулысының бұзылуының арасында жұмысына уақытша тыйым салынған кәсіпкерлік объектілерінің қызметі (түнгі клубтар, караоке, букмекер кеңселері, компьютерлік клубтар, бильярд клубтары), сондай-ақ адамдар көп жиналатын салтанатты, отбасылық іс-шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар, банкеттер) өткізу. Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиялық талаптардың бұзылуына байланысты жеке тұлғаларға қатысты 35 әкімшілік хаттама толтырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу