Алматының мониторингтік топтары 370 нысанда карантиндік шаралардың сақталуын тексерді

958

Аралау барысында 370 нысан тексерілді. 58 нысаннан бұзушылықтар анықталды.

Алматының мониторингтік топтары 370 нысанда карантиндік шаралардың сақталуын тексерді

Алматыда мониторингтік топтардың жұмысын күшейту: екі тәулік ішінде 58 кәсіпкерлік нысанында карантиндік шаралардың бұзылуы анықталды

Құрамына аудан әкімдіктерінің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіретін мониторингтік топтар кәсіпкерлік нысандары бойынша карантиндік режим талаптарының бұзылу фактілерін анықтау және жолын кесу, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қолданыстағы шаралардың қажеттілігін түсіндіру мақсатында ағымдағы жылғы 22-24 қаңтар аралығында аудандарды аралап шықты.

Барлық материал әкімшілік шаралар қабылдау үшін берілді. Шектеу шаралары мен санитарлық ережелерді жүйелі түрде (2-3 рет) және қасақана бұзу фактілері анықталған жағдайда материалдар ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша құқық бұзушыларды жауапқа тарту және сотқа беріп, іс қозғау үшін аумақтық прокурорларға беріледі. Заңнамаға сәйкес, құқық бұзушыларға  жауапкершілік ретінде ұйымның қызметін тоқтатуға дейін қарастырылған.

 

Алматы әкімдігі маска режимін және әлеуметтік қашықтықты, жеке гигиена шараларын қатаң сақтауға шақырады. Кәсіпкерлік субъектілері пандемия кезеңінде қауіпсіздік шараларының талаптарын мүлтіксіз сақтауы қажет — бұл жұмыс режимі, қызметкерлер мен келушілердің термометриясы, әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтауды, жеке қорғаныш құралдарының (бетперделер, қолғаптар) ауысуын, санитайзерлердің және дезинфекциялау құралдары қорының болуын, үй-жайлардың  желдетілуін қамтамасыз ету. Жоғарыда аталған талаптардың бұзылуы ұйым қызметкерлері арасында сырқаттанушылыққа және кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуға әкеп соғады. Бүгінгі күні Алматы қаласының соты 18 кәсіпкерлік субъектісінің қызметін 1,3 айға тоқтата отырып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу туралы қаулы қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров сырқаттанушылықтың өсуі жағдайында мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді, оның ішінде карантиндік шараларды сақтауға тексерілетін нысандардың тізімін ұлғайтуды тапсырған болатын. Басты міндет — Алматы қаласында коронавирус инфекциясын жаппай жұқтырудың алдын алу.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу