Алматының Наурызбай ауданында 56 трансформаторлық қосалқы станса жаңарады.
Бұл туралы мегаполис әкімі Ерболат Досаев аудан халқымен кездесуде мәлім етті. Оның айтуынша, 21 жаңа қосалқы станса орнатылып, 114,5 шақырым электр желілері мен 35 трансформаторлық қосалқы станса жаңғыртылады.
"Электр желілерін жаңғырту Шұғыла, Ақжар, Таусамалы, Құрамыс, Рахат, Қарағайлы және Қалқаман шағын аудандарын қамтиды. Бұл тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге және апаттық ажыратуларды азайтуға мүмкіндік береді. Жұмыс мамыр айының соңында басталып, жыл соңына дейін жалғасады", – деді әкім.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу