Алматының Наурызбай ауданында су мәселесін шешу үшін не істеліп жатыр

582

Наурызбай ауданында Алматы әкімі Ерболат Досаевтың халықпен кезекті кездесуі өтті.

Алматының Наурызбай ауданында су мәселесін шешу үшін не істеліп жатыр

Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, ауданның негізгі өзекті мәселесі халықты сумен қамтамасыз ету болып қала береді. Жағдайды шешу үшін "Қарғалы" және "Ақсай" екі су қоймаларының құрылысы жүргізілуде.

"Қарғалы" бойынша жұмыстар 80%-ға аяқталды. Әкімнің айтуынша, Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында қосымша рұқсат құжаттарды алу қажеттілігіне байланысты құрылыс уақытша тоқтатылды. Бүгінде жұмыстар қайта жанданды. Су тартуды тапсырудың жоспарланған мерзімі 2023 жылдың 3 тоқсаны.

"Ақсай" су қоймасы бойынша конкурстық рәсімдер аяқталды, құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы бөлінді, мердігерлік ұйым анықталды, құрылыс жүргізілуде. Пайдалануға берудің жоспарланған мерзімі 2025 жылдың 3 тоқсаны. "Ақсай" жобасын іске асыру кезеңінде сорғы станциялары бар магистралдық су тартқышы салынатын болады, ол Алматы жер асты суларынан толығады.

Сондай-ақ, жауын-шашын кезінде су басу мәселесі ауданда ерекше өзекті мәселе болып қалуда. Әкімнің айтуынша, аудан бойынша тұрақты су басудың 6 учаскесі анықталған. Мәселені толық шешу үшін, ТЖ желісі бойынша жыл соңына дейін Ойжайлау өзенінің арнасы нығайтылады, Райымбек даңғылы бойымен Ақсай өзеніне дейін бұру каналы жайластырылады, ұзындығы 800 метр арық желісі салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу