2023 жылғы 12-29 маусым аралығында Наурызбай ауданының аумағында Жуалы – Райымбек - Алтын Орда – Медеубеков көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды.
"Шектеулер "Алматыжылукоммунэнерго" ЖШС теңгерімінде тұрған "Премьер" қазандығында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – деп хабарлады "Алматы жылу жүйесі" ЖШС.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу