Бұл туралы "Алматы су" МКК хабарлады.
"Наурызбай ауданының бірнеше тұрғын алаптары сүзгі стансасын салу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде түнде суық сумен жабдықтаудан ажыратылады. 18 мамырдан 19 мамырға қарағанда түнде сағат 22:00-ден 03:00-ке дейін Ақжар, Тастыбұлақ, Таужолы шағын аудандарының аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", – деп хабарлады мекеме.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу