Алматының оңтүстік-шығысында тағы жер сілкінді

272

Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 км жерде Қытай аумағында орналасқан. 

Алматының оңтүстік-шығысында тағы жер сілкінді Фото: freepik

Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 257 шақырым жерде тағы бір жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан аумағында дүмпулер сезілмеді.

ҚР ТЖМ ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісі 25 сәуір күні сағат 14:24-те жер сілкінісін тіркеді.

Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 км жерде Қытай аумағында орналасқан. Сейсмологтар мұны афтершок деп атады.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2

MPV магнитудасы 5.4.

Тереңдігі 10 км.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу