Алматының орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жедел арналар арқылы келіп түскен ақпаратты Алматы қаласы бойынша ҰҚКД және Бостандық аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері тексерді. Аталған орыннан 4 атыс қаруы табылды. Атап айтқанда, “Beretta Xtreme”, “Tikka T3x”, “Gamo FS 10x igt”, “Sako TRG”. Тәркіленген қарудың нақты кімге тиесілі екені сот-баллистикалық сараптама арқылы анықталатын болады. Сонымен қатар бұл қарулардың қандай да бір қылмыс жасауда қолданылған-қолданылмағаны сараптамалық зерттеу нәтижесінде анықталады", – деп жазылған қалалық Полиция департаменті таратқан хабарламада.