Алматының орталығында 4 қабатты үйдің шатыры жанды

650

Тұрғындар дереу эвакуацияланды. 

Алматының орталығында 4 қабатты үйдің шатыры жанды

Бұл туралы қалалық ТЖД мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"17 қыркүйек 15:09-да Алматы қалалық ТЖД күштері жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Медеу ауданы, Назарбаев даңғылы 124 мекен жайы бойынша келді. Онда 4 қабатты тұрғын үйдің шатыры ашық жалынмен жанып жатқаны анықталған. Тұрғындар дереу эвакуацияланып, өрт оқпандары берілді, автоцистерналар гидранттарға орнатылып, өртті сөндіру жұмыстары басталды", - деп жазылған хабарламада. 

Әзірге жалынның шығу себебі анықталған жоқ. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу