Алматының орталығында әкімшілік ғимараттың шатыры өртке оранды

799

Алматының орталығында әкімшілік ғимараттың шатыры өртке оранды

Алматының орталығында  8-қабатты әкімшілік ғимараттың шатырынан өрт шықты, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстанға" ТЖ департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Оның ақпараты бойынша,  Жібек жолы даңғылы, 64 үй мекенжайы бойынша әкімшілік ғимараттың шатарынан түтін шығып жатқаны туралы куәгерлердің хабарламасы Астана уақытымен 8:55-те түскен.

"Мамандар мен техника шақырту орнына шықты. Өрт сөндірушілердің алғашқы легі оқиға орнына 8 минутта, сағат 9:03-те жетті. Қосымша ақпарат кейін хабарланады", – деп атап өтті ресми өкіл.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу