Қаланың орталығындағы реконструкция үшін жүргізушілерге жеңілдік жасалған, деп хабарлады A-Parking. Мына көшелердің бойында машина тегін қоюға болады:
– Бөгенбай батыр, Наурызбай мен Қалдаяқов аралығында;
⠀– Жамбыл көшесі, Желтоқсан мен Байсейітова аралығында.
⠀Тағы бірнеше көшеде паркоматтың демонтажы біткен соң хабарланады.
Еске сала кетсек, Алматы көшелерінде көлік тұрақтарының барлығы төтенше жағдай кезінде тегін болған. Аталған режим аяқталған соң олар қайта ақылы жүйеге көшті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу